116
13 июня 2023

Қыс шанаңды жаз жайла

Жылыту маусымы әлі алыс, бірақ пешпен жылытылатын үйлердің иелері көмір сатып алу туралы ойлануы керек. Өйткені, біздің жақтың ұзақ қысын жылы үйде қыстаған жақсы.

Облыс халқы үшін көмірдің жалпы жылдық қажеттілігі 437,6 мың тоннаны құрайды.

Облыстың темір жол тұйықтарын вагондармен уақтылы қамтамасыз ету үшін "Қаражыра" АҚ және "ҚТЖ" АҚ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың соңына дейін коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізу кестесі пысықталды.

Қазіргі уақытта облыста коммуналдық-тұрмыстық көмірді мынадай өңірлік операторлар сатады (бағасы тоннасына):

  • Өскеменде: "Сейком" ЖШС (Защита, Делегатская көшесі, 36а) — 14 000 теңге; "Терминал"  отын компаниясы " ЖШС (Сол жағалау, Базовая көшесі, 5/2) - 14 000 теңге.
  • Риддерде: "Перама" ЖШС (Жеңіс көшесі, 5) - 19 800 теңге.
  • Алтай ауданында: "Зырян ТЭК" ЖШС (Зубовск кенті, С. Лазо көшесі, 1а) - 14 700 теңге.
  • Глубокое ауданында: "Шемонаиха отыны" ЖШС (Предгорное ауылы) - 14 200 теңге.
  • Шемонаиха ауданында: "Шемонаиха отыны" ЖШС (Строительная көшесі, 1/1) - 14 450 теңге.

2023 жылғы 6 маусымда облыстың темір жол тұйықтарында 4 062 тонна көмір бар, оның ішінде Өскеменде - 1 640 тонна, Риддерде – 45 тонна, Глубокое ауданында – 682 тонна, Алтай ауданында – 1 100 тонна, Шемонаиха ауданында – 595 тонна.

Күн суытып, көмір қажет болатын кезеңде  (тамыз, қыркүйек, қазан) дүрлігуге жол бермеу мақсатында халыққа алдағы қыс маусымына  көмірді уақтылы сатып алған жөн.

0
0
0
0
0
0