ШҚО-ның тағы екі ауылында сапалы ауыз су пайда болады
Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес жыл ішінде (2025 жылға қарай) қалалар мен ауылдардың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінгі таңда еліміздегі сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 96 пайызды құрайды.
Ағымдағы жылдың соңына қарай Ізғұтты Айтықов ауылында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Осы мақсатта бюджеттен 481,4 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта магистральдық желілерді төсеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 70 пайызға орындалды, су жинау алаңында құрылыстар 40 пайыз тұрғызылды.
Ізғұтты Айтықов ауылында орталық су құбырын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы 2021 жылы "Востокагропромпроект" ЖШС әзірлеген. Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша "ШҚО Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ жобасына тапсырыс беруші бас мердігер — "Alyans XXI" ЖШС-мен шарт жасасты.
Қазіргі уақытта магистральдық желілерді төсеу, ұңғымаларды орнату және су жинау алаңында жұмыстар қатар жүргізілуде. КТП қосалқы ғимаратының, сорғы станцияларының, басқа да нысандардың құрылысы жүргізілуде. Су жинау алаңында таза суы бар резервуарлар орналастырылады, әрбір құдықтан жобада көзделген магистральдық желілерде тұтынушылар учаскелерінің шекараларына су құбыры желілері жүргізілетін болады.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, Ізғұтты Айтықов ауылында су тарту құрылыстары алаңының, бірінші және екінші көтергіш сорғы станцияларының, сыйымдылығы 100 текше метр екі таза су резервуарының, көлемі бір текше метр ағызу су резервуарының құрылысы көзделген. Желілердің жалпы ұзындығы шамамен 10,9 километрді құрайды, оның ішінде су құбыры желілері тұтынушылар учаскелерінің шекарасына дейін — 1,7 километрді құрайды. Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіледі.
Жобаны іске асыру Ізғұтты Айтықов ауылының тұрғындарын кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ізғұтты Айтықов ауылында 126 аула бар. Халық саны-600-ден астам адам. Ауыл тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады, олардың көпшілігінде көкөніс бақшалары бар.
Таврия ауылдық округінің Пролетарка ауылында да су құбыры желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2021 жылы "ВОСТОКАГРОПРОМПРОЕКТ" ЖШС жобалау ұйымы осы елді мекенде жалпы құны 636,4 млн.теңгені құрайтын су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі. Тапсырыс беруші ШҚО Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі болды.
ЖСҚ-ға сәйкес нысанға: су тарту құрылыстарының алаңы, сорғы станциясы, сыйымдылығы 100 шаршы метр екі таза су резервуары, жалпы ұзындығы 10,5 км кенттік желілер, тұтынушылар учаскелерінің шекарасына дейін су құбыры желілерін жеткізу — 1,3 км кірді.
Жасалған шарттарға сәйкес жоба бойынша жұмыстардың құны 618 миллион теңгеден асты, оның ішінде:
- құрылыс-монтаж жұмыстары ("Bulder Gold" ЖШС) — 594,8 миллион теңге,
- техникалық қадағалау ("СКАПС" ЖШС) — 17,2 миллион теңге,
- авторлық қадағалау ("ВОСТОКАГРОПРОМПРОЕКТ" ЖШС) — 6,7 миллион теңге.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Таврия ауылдық округінің Пролетарка ауылында орталық сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды, бұл оның барлық тұрғындарын (570 адам) кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта "Коммунальник" КМК су құбырына қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ольга Ушакова, Ольга Юрьева