125
26 июня 2023

Өскеменде Пограничная және Виноградов көшелерінің арасында жаңа өткел пайда болды

Қалихан Ысқақтың екі жолақты көшесі Қарбышев, Назарбаев даңғылы және Гагарин бульварындағы көлік ағынын азайтуға арналған, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Мирный кентінің бойында орналасқан Қалихан Ысқақ көшесінің бұрын жөнделген учаскесі осы уақытқа дейін Виноградов көшесінің ауданындағы учаскеге екі көлік қалыпты түрде жүре алмайтын тар "бөтелке мойнымен" қосылатын. Жөндеу барысында тар учаске кеңейтіліп, қазіргі уақытта жаңа жолға асфальттың екінші қабаты төселді. Сонымен қатар, көше бойында тротуар пайда болады.

— Біздің идеямыз — бұл учаске бұрынғы понтон  көпірінен Үлбі арқылы өтетін көпірге және одан әрі кедергісіз жетуге мүмкіндік береді, — деп түсіндірді 24 маусымда жұмыс барысымен танысқан Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Біз "понтон" көпірінен Карбышев көшесі арқылы қалаға кіруге дағдыланғанбыз, онда көліктердің көптігіне байланысты көлік жағдайы әрдайым шиеленісіп тұрады. Енді дәл осы мақсатта Карбышевке қатар өтетін және оны түсіретін Калихан Ысқақ көшесінің өткелін пайдалануға болады. Ол Виноградовпен түсйісетін жерге дейін жатыр. Ал сол жерден Астана көшесімен Үлбі көпіріне шығуға болады. Бұл біздің тұрғындарға қала бойынша жүруді ыңғайлы ету үшін жол полициясымен бірлесіп жүргізіп жатқан көліктен көшелерді жеңілдету бойынша жоспарланған жұмыс.

0
0
0
0
0
0