187
28 июня 2023

Өскеменде жолдарды орташа жөндеудің екінші кезеңі басталатын учаске аталды

Сәуір айынан бастап жүргізілген осындай жол жұмыстарының бірінші кезеңі аясында 17 қалалық трасса орташа жөндеумен қамтылды, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

— Қазір екінші кезеңді бастауды жоспарлап отырмыз, — деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Қала басшысының айтуынша, жұмыс жүргізілетін бірінші учаске Үлбі көпірі және Сағадат Нұрмағамбетов (бұрынғы Орджоникидзе) көшесі.  Жол төсемін ауыстыратын қалған учаскелерді арнайы комиссия анықтайды.

0
0
0
0
0
0