126
4 июля 2023

Өскемендегі он алты аулада абаттандыру жұмыстарын қала күніне орай аяқтауды жоспарлап отыр

Аула аумақтарын абаттандыру және оларға шағын архитектуралық формаларды орнату "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүргізілуде, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Гоголь көшесіндегі 30 үйдің  ауласында болып, ХҚБ жобасы аясында абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бақылауға алуды тапсырды. Қазіргі уақытта бұл аулада балалар мен спорт алаңдары тартан жабынын төсеуге және ШАФ-тарды орнатуға дайындалған. ШАФ-тар шілде айында жеткізіледі деп күтілуде.

— Тұрғындар мердігерлердің жұмысын үнемі қадағалап отыруы керек, — деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Бұдан басқа, тапсырыс беруші тарапынан техникалық қадағалау қажет. Мен әлеуметтік желілерде кей жерлердегі ШАФ-тар әлсіз бекітілгені туралы материалдарды оқып қаламын. Мұндай сәттердің болмауын қадағалау керек. Ертең мердігерлер кетіп қалады да, бұл мәселелерді шешу проблема тудырады. Бізде кейбір басқа қалаларда болған сияқты жағдай қайталанбауы керек. Тапсырыс беруші мен мердігер әрбір ШАФ үшін есеп береді! Оған дейін төлем болмайды.

Алайда, Гоголь көшесіндегі 30 үйдің тұрғындары әкімді аумақтық басқару орталығының қызметкерлерімен бірге олардың ауласын абаттандыру жұмыстарының барысын бақылайтындығына сендірді.

— Біздің аулада жұмыс жүргізгені үшін мердігерлерге алғыс айтқым келеді, — деді Гоголь көшесінің тұрғыны Роза Бадығанова. — Осы кезеңде абаттандыру бойынша орындалған жұмыстар бізді толығымен қанағаттандырады.

Сондай-ақ, қала басшысы мердігерлерге қала күніне орай аулалардағы барлық жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

ХҚБ бағдарламасы аясында келесі аулалар жөнделеді:

  • Н. Назарбаев даңғылы, 64;
  • Геологическая көшесі, 2, 4, 6 (спорт-ойын алаңын орнату);
  • Гоголь көшесі, 31, Шәкәрім даңғылы, 176;
  • Добролюбов көшесі, 53;
  • Бажов көшесі, 494 (сквер);
  • Қазақстан көшесі, 98/1, Қазақстан көшесі, 98/2;
  • Н. Назарбаев даңғылы, 2;
  • Астана көшесі, 12, 14, 14/1;
  • Көкжал Барақ көшесі, 12/1;
  • Л. Толстой көшесі, 15;
  • Буров көшесі, 12;
  • Шаяхметов көшесі, 24;
  • Е. П. Славский атындағы жағалау, 64;
  • Л. Толстой көшесі, 3;
  • Қабанбай батыр көшесі, 154;
  • Добролюбов көшесі, 45.
0
0
0
0
0
0