Өскемен қаласының маңында мектеп пен клуб пайда болуы мүмкін
1 шілдеде облыс орталығының аумағына кіретін Самсоновка ауылында тұрғындардың Өскемен қаласының әкімімен кездесу өтті, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Кездесуде проблемалық мәселелер айқындалды. Самсоновканың тұрғындары автобустардың жүру кестесіне, қоқыстарды тазартуға, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің болмауына және басқа да бірқатар мәселелерге алаңдайды екен.
— Мен төрт баланың анасымын. Мен Самсоновкада балабақша мен аурухананың жоқтығына алаңдаймын. Біздің зейнеткерлер медициналық көмек алу үшін Меновноеға барады. Қыста қар тазаламанбайды, қоқыс шығарылмайды. — дейді Самсоновка тұрғыны Мадина Құсайынова. — Мектепке дейінгі балалар автобуспен жүреді, бірақ жолды дұрыс тазаламағандықтан автобус бізге қарай жүре алмайды. Әр үйде бірнеше кәмелетке толмаған бала бар.
Сондай-ақ, тұрғындар Самсоновкадан қоқыстың уақтылы шығарылмайтындығына және ҚТҚ жинауға арналған контейнерлердің жоқтығына шағымданды.
— Мен мұнда жиырма жылдан астам уақыт тұрамын және осы уақыт ішінде біз үшін өзекті мәселелердің бірі қоқысты шығару болып табылады. — дейді ауыл тұрғыны Жанна Оралханова. — Тұрғындар өз қоқыстарын қалаға апаруға, жануарларына беруге немесе пеште жағуға мәжбүр. Әйелдің айтуынша, олар қоқыс шығаратын компаниямен келісім-шарт жасамаған және қазір олар қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін төлемейді.
Жергілікті тұрғындарды алаңдататын тағы бір мәселе — олар іс-шаралар мен жиналыстар өткізе алатын клубтың болмауы.
Мемлекеттік қызметшілер жиналғандарды тыңдап, Самсоновка тұрғындарын мазалаған сұрақтарға жауап берді.
— Сіз дұрыс сұрақ қойып отырсыз. Біз арнайы бағдарлама қабылдағанбыз және жыл сайын шалғай аудандарды дамыту бойынша қаражат бөліп жатырмыз, — деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Өткен жылдары біз сізге бірнеше көшеге жарық орнаттық, орташа жөндеу жүргізіп, тротуар жасадық, балалар мен футбол алаңдарын салдық. Келесі жылы мұнда қандай жұмыстар атқаратынымызды тұрғындармен кездесулерде шешетін боламыз.
Қала басшысы қала өсіп, дамып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан шалғайдағы шағын аудандарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді — бұл Согра, Меновное, Самсоновка, Защита және т. б.
— Сондай-ақ бізден ауылдық клуб ашуды сұрайсыздар, — деп қосты әкім. — Қазіргі уақытта біз үй-жай іздеп жатырмыз. Біз осы мақсатта осы жерден үй сатып алғымыз келген, бірақ ғимаратты сатып алу үшін иелері 35 миллион теңгеден астам ақша сұрайды — бұл өте үлкен ақша. Сондай-ақ, біз мұнда 300 орындық мектепті жобалап, оның құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Біз міндетті түрде жолдарды орташа жөндеумен, тротуарларды жайластырумен және ауылды көше жарығымен айналысатын боламыз.
Кездесу соңында әкім Самсоновка балаларына жаңа футбол алаңында ашық ойындар ойнау үшін доптар табыстады.