ШҚО-да "Білікті маман" жобасы аясында 270 грант бөлінеді
Шығыс Қазақстанда 6 жыл қатарынан "Білікті маман" жобасы жүзеге асырылып, өз жемісін беруде. Облыстық білім басқармасы жобаның артықшылығы ретінде жастардың жоғары білімге қол жетімділігі едәуір кеңейгенін атап отыр. Сондай-ақ, жобаның арқасында жастардың өзге елдерге кетуі 1800 адамнан 298 адамға дейін төмендеді және ең бастысы, жұмысқа орналастырылған адамдардың үлесі 77% — ға дейін ұлғайды.
Басқармада жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті бюджеттен 2306 білім беру гранты бөлінгенін атап өтті.
"Ағымдағы жылы 270 білім беру гранты білім беру, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты өңірге қажетті мамандықтарға бағытталатын болады. Конкурстың қатысушыларына білім беру грантын алу үшін өтініштер қабылдау 2023 жылдың 5-10 тамызы аралығында жүзеге асырылатынын хабарлағымыз келеді", — деді Білім басқармасында.
Сонымен қатар, олар құжаттарды тапсыру кезінде шалғай аудандардан келген талапкерлер бейнебайланыс арқылы кеңес ала алатынын айтты.
«Мемлекеттің басымдығы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға жоғары білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету екені даусыз. Осы мақсаттар үшін бірқатар санаттар үшін квоталар белгіленді – бұл бірінші немесе екінші топтағы мүгедек адамдар, бала кезінен мүгедек адамдар; жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; ауыл жастары; ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары; үш жыл бойы толық емес мәртебесі бар және көп балалы отбасылардан шыққан балалар. Міндетті шарт — өтінішке квотаны растайтын құжаттарды қоса беру қажет", — деп түсіндірді ШҚО білім басқармасында.