234
21 июля 2023

Шығыс Қазақстанда ескірген және апатты мектептердің тізілімі жасалады

Тізім негізінде облыс басшылығы білім мекемелерінің құрылысы туралы шешім қабылдайды деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Зайсан ауданына жұмыс сапары барысында Үлкен Қаратал ауылындағы мектепті аралап көрді. Мектеп ғимараты 2000 жылдары салынғанына қарамастан, ағаштан жасалған жертөлесі бар шағын ғимарат екен. Білім ошағының асханасы мен спортзалы дымқыл тартқан жертөледе орналасқан.

Осыған байланысты өңір басшысы облыстық білім басқармасына бірінші кезекте жаңа оқу орындарын қайда салу керектігін анықтау үшін осындай мектептердің тізілімін жасауды тапсырды.

0
0
0
0
0
0