127
4 августа 2023

Өскеменде тағы бір заманауи балалар алаңы пайда болды

Облыс орталығында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында аулаларды абаттандыру жалғасуда, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жұмыс сапары барысында Н. Назарбаев даңғылының бойында орналасқан 77/1 үйдің ауласына барды. Бұл жерде "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында заманауи балалар алаңы салынуда. Жұмыстар аяқталуға жақындады.

Айта кету керек, аула тұрғындары үшін бұл екінші ауқымды абаттандыру. 2020 жылы үйдің артындағы бос жерде балалар мен ересектерге арналған демалыс аймағы салынған болатын. Алаңда орындықтар, шамдар және шағын архитектуралық формалар орнатылған.

0
0
0
0
0
0