314
4 августа 2023

Самал саябағында алма ағаштарының 60 пайыздан астамы тамыр жайған екен

Күзде өлген ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызылады деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Өскемендік кәсіпкер Сергей Бродский қалада өткен жылы қоғамдық алма бағын салуды ұсынғаны мәлім. Оның бастамасын әкімдік те қолдады. Идеяны жүзеге асыру үшін кәсіпкерге "Самал" саябағының аумағында жер бөлініп, ол өз қаражатына көшет сатып алған болатын.

Қазіргі уақытта 1000 көшеттің 670-і тамыр жайған.

— Шынымды айтсам, бұл аз ба, әлде көп пе екенін білмейміз, өйткені біздің қаламыз үшін бұл алғашқы тәжірибе, — деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. — Бірақ менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш. Бұл нәтиже Сергей ұсынған тамшылатып суарудың арқасында мүмкін болып отыр.

0
0
0
0
0
0