Тоқаев Қазақстандағы туризм туралы: біз басқа мемлекеттерден артта қалып отырмыз
Президент Қазақстан халқына Жолдауында туристік саланың дамуы туралы айтты деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
"Еліміздің туристік әлеуетін іске қосу қажет. Туризм саласында серпінді жобалар іске асырылуы тиіс. Өкінішке орай, осы маңызды салада әлі де елеулі табыстар жоқ, біз басқа мемлекеттерден артта қалып отырмыз", — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жалпы, оның айтуынша, кем дегенде нақты 15 ірі жоба қажет.
"Өткенде жіберген қателіктерге жол беруге болмайды", — деді Мемлекет басшысы. — Қолдаудың тиімді шараларын және іске асырудың нақты мерзімдерін анықтау қажет. Бұл жобаларды жүзеге асыруға шетелдік инвесторларды да, отандық бизнесті де белсенді түрде қосу қажет".
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.