Қазақстанда "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіледі
Сапалы білім алуға арналған жүйе бес жастағы балалардан бастап қамтиды, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
"Білім беру саласында мемлекет қабылдап жатқан шаралар фрагментті және бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан бес жастан бастап балаларды қамтитын "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. — Бұл бағдарлама мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны жыл сайын төлеуді, инвестициялық табысты көздеуге тиіс. Бұл жинақтар "Ұлттық қор – балаларға" жобасы шеңберінде қалыптастырылған қаражатпен бірге оларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді".