390
14 марта 2024

14 наурыз күні Қазақстанда Амал мерекесі тойланады

Еске сала кетсек, Наурыз мейрамы биыл елімізде жаңа форматта тойланады. Бүгін Наурыз мейрамының онкүндігі бүгін басталып, 23 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Онкүндіктің әрбір күнінің өзіндік қасиетті де ерекше мәні бар.

14 наурыз — Көрісу күні — Амал мерекесі. Бұл Наурыз мейрамының алғашқы хабаршысы.

Бұл күні бірін-бірі жаңа жылмен құттықтап, ағайын-туыстың үйіне бару, ақсақалдардан бата сұрау, бір-бірін кешіру, ескі реніштерді ұмыту әдетке айналған.

«Әз-Наурыздың бастауы — Амал күні құтты болсын! Бұл халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін!» — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0
0
0
0
0
0