10
час назад

Қазақстанда жол саласының бірыңғай цифрлық экожүйесі қалыптастырылуда

Фото: пресс-служба акима ВКО

E-Joldar платформасы автомобиль жолдары, олардың құрылысы мен жөндеуі, қолданылған материалдар, зертханалық сынақтар, жол бойындағы инфрақұрылым және азаматтардың өтініштері туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіреді.

Платформа қолданыстағы KazToll, JolBitum, RCMBase, KazRoadLab, eOtinish, Sapar және RoadIQ жүйелеріндегі деректерді бір цифрлық ортада жинақтауға мүмкіндік береді.

E-Joldar жолдың техникалық сипаттамалары, жөндеу тарихы және зертханалық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты біріктіріп, жолдың өмірлік циклі бойынша бірыңғай цифрлық тарихын қалыптастырады. Сонымен қатар барлық жүргізілген әрекеттердің цифрлық ізі сақталып, процестердің ашықтығы қамтамасыз етіледі және адам факторына байланысты қателерді азайтуға мүмкіндік береді.

0
0
0
0
0
0