ШҚО ауылдарының мектептері StarLink интернетімен қамтамасыз етіледі
Оқу орындарында жергілікті интернетті ұйымдастыруға 230 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында хабарлағандай, өңірдің кейбір мектептері жақын арада Starlink жоғары жылдамдықты интернетімен қамтамасыз етіледі. Әңгіме "Қазақтелеком" АҚ интернетпен қамту аймағынан тыс орналасқан оқу орындары туралы болып отыр.
Тиісті техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге билік 236,7 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр.
— Жабдықтардың алғашқы жиынтықтары жеткізілуде. Сәуір айынан бастап мектептерде орнату жұмыстары басталады, — деді Ермек Көшербаев. — Бұл оқу орындарын интернетпен қамтамасыз ету мәселесін шешудің нақты тәсілі.
Жалпы жергілікті желі 168 мектепте жүргізілмек. Starlink интернетін тек оқушылар мен мұғалімдер ғана пайдаланбйды. Оқу орындарының маңайында кез-келген адам қосыла алатын орта қалыптасады. Осылайша, шалғай аудандардың тұрғындары желіге қол жеткізе алатын болады.