25
2 часа назад

ШҚО-да күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Фото: РСК ВКО

1 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру жүріп жатыр. Биыл өңірден Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен өзге де әскери құралымдарға шамамен 700 азамат жіберу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Қазбек Ахметов мәлімдеді.

Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылатын азаматтарға тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша әскерге шақыру қағазы табысталады.Бұдан бөлек, 1414 қызметі арқылы SMS-хабарлама жіберіледі. Әскери есеп жүргізу жүйесі де цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Соның арқасында қажетті ақпаратты алып, бірқатар мемлекеттік қызметті қашықтан рәсімдеуге болады. Мәселен, әскери қызметті кейінге қалдыру немесе одан босату туралы өтініш eGov.kz порталы арқылы қабылданады. Барлық мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент шақыру мәселесін ақылы түрде шешуге уәде беретін делдалдарға сенбеуге шақырады. Әскери қызметтен жалтарған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.

Тиісті рәсімдерден өткен азаматтар ҚР Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдардың бөлімдеріне жіберіледі.

0
0
0
0
0
0