1.1 тыс.
28 января 2025

ШҚО: Күршім көпірі мен Шемонаиха көпірінің арасында қандай байланыс бар?

Фото: Instagram.com/shemonaikha_akimdigi

Шенеуніктер Үбі көпірін жөндеуге байланысты жоспарлары туралы айтты деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір ашылғаннан кейін Қытай-Қазақстан-Ресей бағыты бойынша баламалы көлік дәлізі пайда болды. Арақашықтығы жақын, сондықтан ыңғайлы.

— Көрші елдердің автотасымалдаушыларын тарту үшін транзит бағыты бойынша Шемонаиха қаласындағы Үбі арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жоспарланған, — деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Жұмаділов. — Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, сараптамадан өтуде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайта құруға шамамен 10 миллиард теңге жұмсау жоспарлануда. Бірақ сараптамадан кейін сома азды-көпті өзгеруі мүмкін. Жоба құнының 90 пайызға жуығын республикалық бюджет, қалған 10 пайызын облыстық бюджет жабады.

Мердігерді конкурс арқылы анықтау 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

4
0
0
0
0
0