11
час назад

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы артып келеді

«Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Өскемендегі Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Рәсім ұлы ақынның туған күніне орай ұйымдастырылды. Штаб төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Жанат Мекеева Абай мұрасын ұлықтаудың руханият үшін маңызын айтты. Оның пікірінше, хакімнің шығармаларын қастерлеу жастарды білімге, ғылымға және адамгершілікке баулуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, партия мүшелері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. Жиында әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, кәсіпкерлік пен экология салаларындағы басымдықтар қаралды. ҮЕҰ-ны қаржылай қолдау, мемлекеттік сатып алуларға қатысу рәсімдерін жеңілдету және қаражат бөлудің ашықтығын арттыру мәселелеріне баса мән берілді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері Шемонаиха қаласына барды. Олар тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, сайлауалды бағдарламаны таныстырды. Белсенділер партияның негізгі бағыттарына тоқталды. Қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтерді. Әңгіме кезінде азаматтардың ұсыныстары тыңдалды. Партия мүшелері қойылған сауалдарға жауап берді. 

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратты. Әңгіме барысында азаматтарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Белсенділер оның негізгі бағыттары мен басымдықтарына тоқталды. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Партия мүшелері қойылған сауалдарға жауап берді. Басқосуда өңірдің дамуы мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты пікірлер айтылды. Жүздесу ашық пікір алмасумен қорытындыланды.

Қазақстан Халық партиясының өкілдері тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратты. Азаматтарға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары түсіндірілді. Белсенділер партияның ұсыныстары мен бастамалары туралы мәлімет берді. Тұрғындар өзекті мәселелер жөніндегі пікірлерін білдірді. Азаматтар партия мүшелеріне сауалдарын қойды. Көтерілген мәселелерге жауап беріліп, ұсыныстар назарға алынды. 

«Ауыл» партиясының өкілдері Тарбағатай ауданының тұрғындарымен кездесті. Басқосуда сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылды. Әңгіме барысында ауылдық елді мекендерді дамыту мен жұмыспен қамту мәселелері сөз болды. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарды ортаға салды. Ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты ұсыныстар айтылды. Партия мүшелері көтерілген мәселелерге жауап берді. Жүздесу ашық пікір алмасумен аяқталды.

«Ақ жол» партиясының өкілдері Тарбағатай ауданында бірқатар кездесу өткізді. Алдымен олар «Байтоғас» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ұжымымен жүздесті. Басқосуда кәсіпкерлікті қолдау мен өндірісті дамыту мәселелері талқыланды. Бұдан кейін «Рыбаки Зайсана» өндірістік кооперативінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Еңбек ұжымдарының мүшелері өз ұсыныстарын айтып, сауалдарын қойды. Партия өкілдері көтерілген мәселелерге жауап берді. 

«Respublica» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Әлия Мұқашева қалдықтарды қайта өңдеу саласының өкілдерімен кездесті. Басқосуға пластик қалдықтарын өңдеумен айналысатын ұжым мүшелері қатысты. Жүздесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Қатысушылар саладағы өзекті мәселелер мен өндірісті дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Кәсіпорын қызметкерлері жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды айтып, ұсыныстарын білдірді. Әлия Мұқашева көтерілген сауалдарға жауап берді. Кездесу қалдықтарды тиімді басқару мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты пікір алмасумен қорытындыланды.

0
0
0
0
0
0