84
18 часов назад

Цифрлық теңге арқылы ҚҚС қайтару: Экспортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер

Қазақстанда 2024 жылдан бастап экспорттық қызметпен айналысатын компаниялар үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Жаңартылған ережелер тек жалпы қайтару тәртібіне ғана емес, сонымен қатар цифрлық теңге негізінде жаңа пилоттық жобаның енгізілуіне қатысты. Бұл туралы ШҚО Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов Өңірлік коммуникацилар қызметі алаңында мәлімдеді.

— Жаңартылған ережелер бойынша, ҚҚС қайтару экспорттық қызметті жүзеге асыратын компаниялар үшін мүмкін болады, егер олардың нөлдік ставкамен салық салынатын тауарларды сату көлемі жалпы айналымның кемінде 70%-ын құраса. Бұл экспорттық саудамен белсенді айналысатын компанияларға ҚҚС артықшылығын қайтаруға мүмкіндік береді, сондай-ақ тұрақты экспорттық операциялары болуы да маңызды, — деді Қазыбек Койшинов.

Бұл талаптарға сай келетін салық төлеушілер үшін ҚҚС қайтару жеңілдетілген тәртіппен 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай жеңілдіктер тек салық мониторингінде тұрған немесе өз өндірісінің тауарларын шығарушы компанияларға қолданылады.

— Ең елеулі инновациялардың бірі — «Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасын іске қосу, ол экспортшылар үшін ҚҚС қайтаруды жеделдетуге бағытталған. Жоба жаңа мүмкіндік ұсынады — цифрлық теңгені белгіленген ҚҚС-пен пайдалану. Мұндай тәсіл қайтару процесін 15 жұмыс күніне дейін жеделдетуге мүмкіндік береді, қосымша тексерулер жүргізуді қажет етпейді. Жоба аясында цифрлық теңге тек ҚҚС бойынша есеп айырысу үшін қолданылады және оны қолма-қол ақшаға айналдыруға болмайды, — деп атап өтті Жанама салықтарды әкімшелендіру басқармасының басшысы Асхат Жибитаев.

Бұл жаңашылдық қаржы ағындарын бақылауды жақсартып, ҚҚС-тан жалтару жолындағы қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба қатысушылары үшін цифрлық теңге бойынша барлық транзакциялар туралы ақпарат Ұлттық банкке және салық органдарына жіберіледі, бұл салық есептеулерінің ашықтығын айтарлықтай арттырады.

«Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасы 2025 жылдың соңына дейін жалғасады. Оған ерікті түрде қатысу экспортшылар мен кәсіпкерлер үшін ҚҚС қайтару мерзімдерін қысқарту және салық жүйесіне деген сенімділікті арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

0
0
0
0
0
0