22
5 часов назад

«Тарихтың куәгерлері: ерлік пен бейбітшілік сабақтастығы»: патриоттық ерлік сабағы

Соғыс ардагерлері ұйымының мүшелерімен кездесу

Бүгін А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Соғыс ардагерлері ұйымының мүшелерінің қатысуымен патриоттық ерлік сабағы өтті.

Шараға «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобының» құрамында болған жерлес ардагерлер қатысты.

«Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» 1945 жылы 10 маусымда құрылып, оған 1-Белорусь, 2-Белорусь және 1-Украин майдандары әскерлерінің құрамалары енген болатын. Олардың алдына қойылған маңызды міндет – басып алынған аймақты басқару және оны бейбіт өмірге қайтару, КСРО-ның батыс шекарасын сыртқы қауіп-қатерден қорғау еді.

Уақыт өте келе ГДР аумағында орналасқан КСРО Қарулы Күштері КСРО-ның Батыстағы мемлекеттік шекарасын бірінші кезекте қорғайтын құрам болып есептелді. Топтың жеке зауыттары, инфрақұрылымдық нысандары, қосалқы учаскелері, офицерлер мектептері, пионер лагерьлері, санаторийлер, сауда желісі, офицер үйлері, теледидар орталықтары, тұрмыстық қызмет көрсету кешендері, клубтар, әскери ән және би ансамбльдері, өз драма театры болды.

Германиядағы Кеңес Әскери күштері тобы Германия мемлекетінен ресми түрде 1994 жылдың 31 тамызы күні түпкілікті шығарылды.

Шараға мектеп оқушылары, жастар, кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері шақырылды.

Ерлік сағатының барысында патриоттық мазмұндағы материалдар көрсетілді, сұрақ-жауап, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды.

0
0
0
0
0
0