52
3 часа назад

Шэньчжэнде Қазақстанның жасыл жобаларына Қытай инвестицияларын тарту үшін стратегиялық келісімге қол қойылды

Шэньчжэнь қаласында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ мен Қытай-Еуразия іскерлік кеңесі (CEBC) арасында Қазақстандағы экологиялық жобаларға қытай инвестицияларын тартуға бағытталған стратегиялық келісімге қол қойылды. Құжат жасыл технологиялар трансфері, тұрақты шешімдерді енгізу және пилоттық бастамаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.

CEBC ұйымдастырған В2В-инвестициялық форумында ХЖТИЖО мен «Жасыл Даму» бірқатар қазақстандық перспективалы стартаптарды таныстырды. GCIP Kazakhstan бағдарламасы аясында әзірленген OzenM жобасы көпшіліктің назарын аударды. Ол гидробекеттерде орнатуға арналған экологиялық мониторингтің интеллектуалды платформасы болып табылады. Қытайлық Lihero компаниясы өзара әрекеттестіктерге дайын екенін білдірді және жақын арада тараптар Қазақстан аумағында орналасқан 1000-нан астам гидробекетке технологияны ықпалдастыру мүмкіндіктерін талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Владимир Олещенко BREED және LEED стандарттары бойынша 100 автономды экологиялық елді мекендерді салуға бағытталған эко-ауыл жобасының тұжырымдамасын ұсынды. Қытайлық инвесторлардың $600 млн сомадағы алдын ала келісімі Қазақстанның көрікті аймақтарындағы 600 гектар жерді қамтиды.

Эко-ауылдар толықтай күн батареяларымен, жауын-шашын суын жинау жүйелерімен, жылыжай шаруашылығымен және тұрғындардың пассивті табыс алу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Жоба – қалалық өмір салтының ауасы таза, энергетикалық іркілістері жоқ, тұрақты, экологиялық және қауіпсіз баламасын қамтамасыз етуге арналған.

Іс-шараның бірінші күнінде «Жасыл Даму» мен ХЖТИЖО делегациясы PK Environment (Гуанчжоу) компаниясы басқаратын әлемдегі ең ірі қоқыс жағу зауытында болды. Қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы қазақстандық кәсіпорындар қатты тұрмыстық қалдықтарды, құрамында мұнай және резеңке бар қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі шешімдерді қоса алғанда, өз технологияларын таныстырды. Қытай тарапы ұсынылған жобалардың бизнес-жоспарлары мен техникалық сипаттамаларын егжей-тегжейлі зерттеуге дайын екенін білдірді.

Жұмыс сапарының бірінші күнінен бастап стратегиялық байланыстар нығайтылып, Қазақстанның экологиялық бастамаларына қытайлық әріптестер жоғары қызығушылық танытты. ХЖТИЖО жасыл технологиялық алмасулар үшін тұғырлы платформа қалыптастыра отырып, ұлттық әзірлемелерді халықаралық деңгейде ілгерілетуді жалғастырып жатыр.

0
0
0
0
0
0

Также читайте