Өскеменде екі маңызды жобаның тұсаукесері өтті
Облыс орталығында "Бизнес және кәсіпкерлік негіздері" оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне (ТжКБ) арналған "KASIP times" мамандандырылған журналы таныстырылды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған жұмысшы мамандықтар жылына орай өткізілген болатын. Ол "Байтақ" қазақстанның жасылдар партиясы" ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен "Байтақ" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Елдос Айбеков пен облыс орталығының алты колледжінің басшыларының қатысуымен өтті. Оған Өскемен жоғары политехникалық колледжінің, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің, халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің, құрылыс-техникалық колледжінің, технолог және сервис колледжінің және Өскемен көпсалалы технологиялық колледждің өкілдері қатысты.
"Бизнес және кәсіпкерлік негіздері" жаңа оқу-әдістемелік кешенінің ерекшелігі – ол техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кешеннің мақсаты – кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру, бизнес жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту және колледж студенттерінің қаржылық сауаттылығын арттыру.
Оқу бағдарламасы екі семестрді қамтиды. Студенттер минималды өміршең өнімді (MVP) құруға және алғашқы сатылымдарды жүзеге асыруға, сондай-ақ бизнесті жүйелеуге және инвестицияларды тартуға үйретіледі. Оқу материалдары қазақстандық контекстке бейімделген және бүкіл ел бойынша бірқатар колледждердің оқу процесіне енгізілуде.
- Шығыс Қазақстан облысы – әлеуеті зор өңір, - деп атап өтті кешенді құру бастамасының авторы Елдос Айбеков. - Бүгінгі кездесу мұнда кәсіпкерлік білімге, жас көшбасшыларды дамытуға үлкен сұраныс бар екенін көрсетті. ОӘК – бұл жай ғана теория емес, бұл студенттер нақты жобалар жасайтын, алғашқы табысын табатын, өз идеяларын инвесторларға ұсынуды үйренетін оқу алаңы. Біз тек армандауды емес, әрекет етуді үйретеміз.
Жаңа оқу жылында, 1 қыркүйектен бастап Өскемендегі бірнеше колледждер жаңа тәсілдермен жұмыс істеуге дайын.
Іс-шара аясында оқытушыларға, студенттерге және колледж басшыларына арналған "KASIP times" мамандандырылған журналымен танысу өтті.
"KASIP times" журналы – бұл үздік тәжірибелерді, әдістемелік ұсыныстарды, пікір көшбасшыларымен сұхбаттарды және кәсіпкерлікті оқыту және ХХІ ғасырдың дағдыларын дамыту бойынша талдамалық материалдарды біріктіретін алғашқы кәсіби платформа. Басылымның тақырыбына "Жасыл экономика", цифрландыру, өндірістік оқыту үдерісі мен студенттердің жетістіктерін қамту кіреді. Басылым үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады және ТжКБ жүйесінде бірыңғай кәсіби қоғамдастық қалыптастыруға бағытталған.
Журналдың негізін қалаушы Елдос Айбеков бұл жай ғана басылым емес, ТжКБ жүйесінің дауысы, мұнда колледждерде енгізілетін үздік жұмыс әдістері, тәжірибелер, инновациялар және кәсіптік білім беру жүйесін өзгертетін және дамытатын мамандар туралы материалдар жинақталған деп түсіндірді.
- Жұмысшы мамандықтар жылы бізге өз мүмкіндіктер есігін ашып отыр. ҚР білім министрлігі, "Байтақ" партиясы, "Талап" КЕАҚ әріптестері – бір өсзбен айтқанда Қазақстанды мықты ер ретінде көргісі келетіндердің бәрі кәсіпкерлік білімнің маңыздылығын түсінеді, - деп атап өтті Елдос Айбеков.
Бұл пилоттық жобаларды еліміздің басқа өңірлерінде де енгізу жоспарлануда.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл бастамалар білім беру мен экономиканың нақты секторы арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанда адами капиталды дамытуға ықпал етеді.