17
3 часа назад

ШҚО делегациясы Қытайдағы бірегей ауыз су өндіретін Синьцзян кәсіпорнын да болды

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына сапары аясында табиғи төмен дейтерийлі мұздық су өндіретін «Синьцзян Сюэду» («Қарлы астана») компаниясына барды.

ШҚО делегациясына судың 40 шақырымдық құбыр арқылы зауыттың су тазарту орталығына қалай жеткізіліп, кейін сүзгілерден, ультракүлгін және озонмен зарарсыздандыру кезеңдерінен өтіп, құтыға құйылатыны туралы технологиялық үдерісін таныстырды.

Кәсіпорын төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: төмен дейтерийлі, жоғары сапалы пайдалы су өндіру; натрий мөлшері төмен сәбилер мен жас балаларға арналған су; минералды құрамы төмен шай демдеуге арналған жұмсақ су; және медициналық мақсаттағы су өндіру.

Бүгінде Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінде төмен дейтерийлі ауыз су медицинамен қамту жүйесіне енгізілген. Қытайда бұл бағыттағы зерттеулер енді ғана басталуда және болашағы зор сала ретінде бағаланады.

2022 жылы компания 7-ші ЭКСПО көрмесіне қатысып, өз өнімін ұсынған. Қазіргі таңда кәсіпорын ISO9001 сапа менеджменті, ISO22000 азық-түлік қауіпсіздігін басқару жүйесі, HACCP қауіпті бақылау нүктелері жүйесі бойынша сертификаттарға ие және автономиялық ауданның жоғары технологиялы кәсіпорны ретінде танылған.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Риддер қаласының әкіміне минералды су өндіретін бірлескен кәсіпорын ашу мәселесін қарастыруды тапсырды.

0
0
0
0
0
0