Өскеменде 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тегін жол жүруді енгізу жоспарлануда
Қала әкімі Алмат Ақышов осындай ұсынысын білдірген болатын. Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу кезеңінен өтуде.
"Біз қалалық инфрақұрылымның барлық санаттағы азаматтар үшін ыңғайлы және қолжетімді болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Өскелең ұрпақты қолдау — біздің жұмысымыздағы басымдықтардың бірі", — деп атап өтті Алмат Талғатұлы.
Баланың жасын растайтын құжатты көрсеткен кезде тегін жол жүру қолжетімді болады деп жоспарлануда. Бекітілген соң жеңілдік қыркүйектен бастап күшіне енеді.