25
8 часов назад

Шығыс Қазақстан – күнбағыс өсіру бойынша елімізде көшбасшы

Глубокое ауданының Опытное поле ауылында «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында майлы дақылдар бойынша семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Күнбағыс өсіру: технологиялардың ерекшеліктері, тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау».

Іс-шараға өңірдің фермерлік шаруашылықтарының өкілдері мен ғылыми қауымдастықтың мамандары қатысты. Қатысушылар күнбағыс өсірудің заманауи технологияларын, тұқым шаруашылығы жүйесін, өсімдіктерді қорғау шараларын және мемлекеттік қолдаудың өзекті бағыттарын талқылады.

Семинар қатысушыларына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз арнады.

– Бұл семинар өңірде күнбағыс өсіру ісіне қосымша серпін беретініне сенімдімін. Жыл сайын осы дақылдың егіс алқаптары мен өнім көлемі ұлғаюда. Бұл – Мемлекет басшысының жоғары рентабельді дақылдар өндірісін ұлғайтуға бағытталған әртараптандыру туралы тапсырмасын орындау болып табылады, – деді өңір басшысы.

Семинар мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және Шығыс Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген озық агротехнологияларды ілгерілетуге бағытталды. Қатысушыларға жергілікті жағдайларға ұсынылған күнбағыс гибридтері таныстырылды. Олардың қатарында ExpressSun, Clearfield және дәстүрлі технологиялар бойынша сұрыптар бар.

Сондай-ақ, агротехниканы тиімді пайдалану, субсидиялау, жеңілдетілген қаржыландыру, жоғары өнімділік пен өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәжірбиелік ұсыныстар мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Станцияның жетекші мамандары мен шақырылған сарапшылар баяндамалар жасап, саладағы негізгі трендтер мен сын-қатерлерді атап өтті.

0
0
0
0
0
0