51
4 часа назад

ШҚО әкімі Таврия ауылындағы орталық қазандық жұмысымен танысты

Ұлан ауданы Таврия ауылында қуаттылығы 5,4 МВт жаңа орталық қазандық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгін ауданға жұмыс сапарымен келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қазандық жұмысымен танысты.

Жобаның тапсырыс берушісі - Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, мердігер - «Терезе» ЖШС.

Қаржыландыру республикалық, облыстық бюджеттерден және Ұлттық қордан бөлінген. Жоба құжаттамасына сәйкес, қазандыққа жалпы жылу жүктемесі 2,801 МВт болатын 16 нысанды қосу жоспарланған. Биылғы жылыту маусымына балабақша, мектеп, аурухана және әкімдік ғимараттары қосылды. Мәдениет үйі, спорттық-сауықтыру кешені, мешіт, «ШҚО-ХОСПИС» мекемесі, дүкендер мен көпқабатты тұрғын үйлерді қосу кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

0
0
0
0
0
0