22
2 часа назад

«Esirtkisiz Shygys» жобасы аясында ашық диалог: Өскемен қаласының медицина колледжінде «Заң және Жастар» кездесуі өтті

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері Өскемен жоғары медициналық колледжінде «Esirtkisiz Shygys» өңірлік есірткіге қарсы жобасы аясында «Заң және Жастар» атты диалог алаңын өткізді.

Іс-шараға Өскемен қаласы прокуратурасының өкілдері, Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансерінің мамандары және «Аманат» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты қатысты.

Студенттер алдында ШҚО Полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының орынбасары, полиция майоры Малик Хамитов сөз сөйледі. Ол студенттерге есірткі зияны, есірткі құқық бұзушылықтарының түрлері, тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және пайдалану салдарлары туралы айтып, практикалық мысалдар келтірді.

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, құқықтық аспектілерді талқылай отыра, есірткі тұтынудың алдын алу, көмек және оңалту бағдарламалары туралы ақпарат алды. Бұл кездесу жастарды барынша салауатты өмір салты, заң алдындағы жауапкершілік және әлеуметтік бастамаларға қатысудың маңызыдығы туралы негізгі идеяларды жеткізді.

Айта кету қажет, бұл диалог алаңы «Esirtkisiz Shygys» жобасын іске асырудың келесі кезеңі болып табылады және өңірде салауатты, жауапты және қауіпсіз жастар ортасын қалыптастыруға бағытталған.

0
0
0
0
0
0