Қазақстандағы сайлауға қатысу көрсеткіші сағат 16:00-дегі жағдай бойынша 65,37 пайызды құрады. ШҚО көшбасшылар қатарында
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткішін жария етті.
Еліміз бойынша бюллетеньдерді 8 240 336 сайлаушы алды, бұл дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың жалпы санының 65,37%-ын құрайды.
ШҚО сайлаушылар белсенділігі бойынша көшбасшылар қатарында. Шығыс Қазақстан облысында сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 79,33 пайызы дауыстарын берді. Бұл көрсеткіш бойынша ШҚО еліміздің барлық өңірлері арасында екінші орында тұр, ал бірінші орында – 81,38% нәтиже көрсеткен Қызылорда облысы.
Салыстыратын болсақ, басқа өңірлерде сайлауға қатысу көрсеткіші келесідей:
- Жетісу облысы – 77,03%;
- Түркістан облысы – 76,73%;
- Ақтөбе облысы – 75,63%;
- Ақмола облысы – 73,69%;
- Абай облысы – 71,18%;
- Қарағанды облысы – 70,91%;
- Қостанай облысы – 70,09%.
Ең төменгі көрсеткіш республикалық маңызы бар қалаларда тіркелді: Алматы – 36,65%, Астана – 46,38%.
Сайлаушылардың белсенділігі туралы келесі ақпаратты Орталық сайлау комиссиясы сағат 18:00-де ұсынатын болады.