98
17 марта 2024

Шет тілін ғана емес, мемлекеттік тілді де оқытуды дамыту туралы

"Obtain Academy" тіл орталығының жұмыс істеп тұрғанына төрт жылдан асты. Мұнда тек ағылшын, түрік және басқа да шет тілдері ғана емес, мемлекеттік тіл де оқытылады екен. Орталықтың басшысы Әнел Уатханова үшін бұл маңызды миссия — ол Қазақстанның білім беру саласын дамытуға өз үлесін қосуды көздейді. Қазақ тілі сабағында дәстүрлі және дәстүрлі емес техниканы қалай біріктіруге болатынын біз өз материалымызда ұсынамыз.

— Тіл орталығын ашу менің балалық арманым еді, — дейді Әнел Уатханова. — Мен өзім 14 жылдан бері тілдерді зерттеп келемін, бес жылдық оқыту тәжірибем бар, 1000-нан астам оқушы алдымнан өтті. Мен адамдардың сапалы және тиімді оқытуға мұқтаж екенін, олардың нақты прогресс пен нәтижені көргісі келетінін білемін. Сондықтан мен үшін "more than lessons" ("Жай ғана сабақ емес") сөздері ұраныма айналды. Мен тіл орталығын аштым, өз ісімді жақсы көремін және шын жүректен сабақ беремін. Мен оқушыларға өз мақсаттарына жетуге көмектескім келеді. Сондықтан, біздің орталықтағы сабақтарда тек оқытуды ғана емес, сонымен қатар жағымды процесті, шығармашылық атмосфераны ұсынуға тырысамын.

О баста "Obtain Academy" ағылшын тілін үйрететін, кейінірек түрік тілі қосылды. Содан кейін Әнел Уатханова мемлекеттік тілді үйренуге сұраныс бар екенін байқап, шамамен бір жыл бұрын орталықта қазақ тілі сабақтарын өткізе бастады. Сабаққа ересектер де, бес жастан асқан балалар да қатыса алады. Мемлекеттік тілді екі мұғалім оқытады.

— Негізгі әдістемені оқытудың жеке тәжірибесіне сүйене отырып, өзім жүзеге асырамын. Мен барлық әдіснаманы жетілдіріп, содан кейін ғана мұғалімдерге беремін, — деп түсіндіреді Әнел Рауанқызы. — Біздің оқуымыздың басты ерекшелігі — сабақтардың 80 пайызы тәжірибеге негізделген. Авторлық әдісіміз бар, біз барлық төрт дағдыға назар аударамыз — тыңдау, сөйлеу, оқу, емле, сонымен қатар грамматика және сөздік қорын кеңейту бойынша жұмыс жасаймыз. Карточкалармен жұмыс істейміз, оқушыларға олардың мүдделерін ескере отырып, қосымша шығармашылық тапсырмалар беріледі. Біз әртүрлі халықаралық техниканы қолданамыз — мысалы, Jam (just a minute) Quiz, quizzlet, сабақтарда қазақ әндері мен фильмдерін талдаймыз. Оқытудың ең үлкен тиімділігіне дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту әдістерін бір сабақта араластырған кезде қол жеткізілетінін байқадық.

Әнел Уатханованың айтуынша, мемлекеттік тілді үйренудің негізгі қиындықтары материалдар, әдіснамалар, толыққанды оқулықтарының жетіспеушілігімен байланысты. Барлық ақпаратты өзің жинап, материалдар жинағын жасау керексің.

Әнел Уатханованың өзі төрт тілді меңгерген, оның ішінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білсе, түрік тілін А2 деңгейіне жеткізіпті.

1
0
0
0
0
0