16
3 часа назад

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы ҚХР-дың СУАР аймағындағы Қарамай қаласына ШЫҰ халықаралық семинарына қатысу үшін келді

2025 жылдың 21–25 сәуірі аралығында Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай қаласында цифрлық технологиялар саласында білім беру, туризм және IT бойынша кадрларды даярлау мен дамытуға бағытталған Шанхай ынтымақтастық ұйымы ұйымдастырған халықаралық семинар өтуде.

Іс-шараны ұйымдастырушы — Қытай-ШЫҰ аясындағы Үлкен деректер саласындағы ынтымақтастық орталығының Синьцзяндық бөлімшесі. Бағдарлама «ШЫҰ ағашы» бастамасы аясында жүзеге асырылуда және бес күндік оқу курстарын, ШЫҰ елдері арасындағы тәжірибе алмасуды, сондай-ақ Қытайдың IT-хабтары мен Цифрлық даму индустриалдық паркімен танысуды қамтиды.

Шығыс Қазақстан облысының делегация құрамына Білім басқармасының өкілдері, жоғары оқу орындары, Өскемен, Риддер және Марқакөл қалаларындағы колледждердің директор орынбасарлары, сондай-ақ креативтік сала мен бизнес қауымдастық өкілдері кірді.

Семинарға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінің де өкілдері қатысуда, бұл ШЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымын көрсетеді.

Іс-шараның салтанатты ашылуында Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының басшылығы сөз сөйледі.

Қазақстандық делегацияның жетекшісі — «РСС групп» компаниясының директоры, Шығыс Қазақстан облысы туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов бұл шараның Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім мен тәжірибе алмасу және негізгі салаларға инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызын атап өтті.

— Қытай — біздің елдеріміз үшін маңызды әрі сенімді серіктес. Бізді көпжылдық тығыз ынтымақтастық пен географиялық жақындық байланыстырады. Шығыс Қазақстан Қытаймен тікелей шекараласады, бұл өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше мүмкіндік береді — әсіресе білім беру, цифрландыру, технология алмасу және туризм салаларында, — деді ол ШЫҰ ұйымдастырған халықаралық оқу семинарының ашылуында сөйлеген сөзінде.

0
0
0
0
0
0

Также читайте