96
26 мая 2025

«Алтайдан Оралға дейін» велошеру Өскемен қаласынан басталды

2025 жылғы 26 мамырда Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруіне ресми түрде старт берілді. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, спорт қауымдастығының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Велошеруге 236 қатысушы қатысты, оларға қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 200-ден астам студенті қосылды. Ауқымды шараның мақсаты — жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану қағидаттарын ілгерілету.

Велошеру бағыты Қазақстанның сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы.

Мәреге жету 2025 жылғы 8 маусымға жоспарланған.

0
0
0
0
0
0