59
28 мая 2025

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні сағат 17-00 жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады».

Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.

Акция өтетін орындардың мекенжайлары:

  • Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55-үй, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғимараты;
  • Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 14, КМКҚК «Мәдениет сарайы»;
  • Алтай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 20, Алтай ауданының әкімдігі;
  • Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ибежанова көшесі, 23, Күршім ауданының әкімдігі.
  • Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.
0
0
0
0
0
0