21
7 июня 2025

Шешек тауында бақылау алаңы бар серуендеу демалыс аймағы пайда болады

Өскемен қаласындағы абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралау барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар тас жолының бойында, Шешек тауы маңында салынып жатқан серуендеу, жаяу жүргіншілер аймағына барды.

«Бұл Өскемен қаласының көрнекті орындарының бірі. Қаланың тұрғындары мен қонақтары бұл жерге жазда да, қыста да келіп демалады, бірақ өкінішке орай, бейберекет болып тұр. Сондықтан біз бұл жерде барлық қажетті жағдайды жасап, тұрғындарымыз үшін қоғамдық демалыс орнын ұйымдастыруымыз керек. Ең алдымен автотұрақ салып, Шешек маңын, соның ішінде бұлақтарды абаттандыру, сондай-ақ “Өскемен” деген жазуды барлық жағынан жарықтандыру қажет. Мұнда мангал қоюға арналған аймақ пен балалар алаңқайы, сондай-ақ күркелер орнатылады, адамдар еркін жүріп-тұруы үшін жаяу жүргіншілер жолдары салынады. Ашық ауада белсенді демалыс тұрғындарымыз үшін аса маңызды», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Құрылыс жұмыстарының тапсырыс берушісі — Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ал мердігер — «DAN-invest» ЖШС.

Құрылыс жұмыстары 20 мамырда басталып, аяқталуы қала күніне жоспарланған. Алайда мердігерлер жаңа демалыс аймағын облыс орталығы тұрғындары үшін жоспарланған мерзімнен ертерек аяқтауға уәде берді.

0
0
0
0
0
0