Қайтарылған активтерге ШҚО-да 7 әлеуметтік жоба салынуда
Прокуратура органдары активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға одан әрі тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет республика аумағында 333 әлеуметтік нысанның құрылысын мақұлдады.
ШҚО-да 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда: денсаулық сақтау саласында Өскемен қаласында – гематология орталығы, Риддер қаласында – аурухана кешені, Шемонаиха ауданының Волчанка ауылында – дәрігерлік амбулатория, Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде, Бозанбай, Отрадное ауылдарында және Шемонаиха ауданының Үлкен Өзен ауылында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту.
Мысалы, Риддер қаласындағы қазіргі аурухана 70 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді.
Аурухана қала тұрғындарына, қала маңындағы 8 ауылға және Глубокое ауданының Черемшанка ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Мекеменің корпустары қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бұл азаматтарға қызмет көрсету үшін қолайсыздықтар туғызады.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс аясында өткен жылы Арнайы мемлекеттік қордан осы аурухананың құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді.
Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Бұдан бөлек, Ұлан ауданының Асубұлақ кенті мен Отрадное, Бозанбай ауылдарында өңірдің 3,6 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылуда.
Осы жобаларды іске асыру көпжылдық инфрақұрылымдыққ проблемаларды шешуге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.