9
42 минуты назад

Өскеменде кварталіші өтпе жолдары есебінен көшедегі кептелісті азайтуды жоспарлауда

«Турист» қонақүйі маңындағы Ғарышкерлер көшесінен Абай даңғылына апаратын өтпе жолды қайта жаңғырту Михаэлис көшесіндегі жол қозғалысы жүктемесін азайтты.

Бұрын бұл тар, бұралаң, әбден тас-талқаны шыққан өтпе жол еді. Сонымен қатар мұндағы валеологиялық мектеп-кешенінде оқитын көптеген балаларды көлікпен әкеліп жеткізеді, бірақ автокөліктерге арналған тұрақ осында болмаған.

Биылғы жазда өтпе жол кеңейтіліп, мектеп жанында автотұрақ салынды, жаяужол жасалып, жылдамдық сағатына 20 шақырымға дейін шектелді. Келесі жылы қала басшылығы басқа да осындай өтпе жолдарды жаңғыртуды жоспарлап отыр.

– Қазір мұндағы қозғалыс жақсы, қарқынды. Біз көшедегі жол қозғалысы жүктемесін аздап азайттық, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов. – Осында әлеуметтік нысан бар, аулалар да көп. Келер жылда жүзеге асыратын жоспарлар жетерлік. Халық арасында сұранысқа ие осындай тар көшелерді кеңейтетін боламыз.

0
0
0
0
0
0