Шекарасыз технологиялар: ШҚО делегациясы Қарамайдың цифрлық экожүйесінмен танысты
Шығыс Қазақстан облысының делегациясы ШЫҰ халықаралық семинары аясында Қарамай қаласындағы озық IT-хабтар мен индустриялық парктердің жұмысымен танысты. Мұнда заманауи есептеу технологиялары белсенді енгізіліп, ауқымды деректер орталықтары қарқынды дамуда.
Атап айтқанда, есептеу жүйесінің индустриясы паркіне жасалған сапарға ерекше назар аударылды. Делегаттарға бұлтты технологиялар, жасанды интеллект және телекоммуникациялар саласындағы ең жаңа шешімдер таныстырылды. Делегация өкілдері инновациялық әзірлемелердің бизнес пен мемлекеттік басқаруда нақты құралдарға қалай айналатынын тәжірибе жүзінде көрді.
Бағдарлама аясында сондай-ақ жергілікті IT-парк пен индустриялық паркке барды. Бұл – әртүрлі деңгейдегі жобалар жүзеге асырылатын бірегей алаңдар: стартаптардан бастап ірі инфрақұрылымдық шешімдерге дейін. Аталған нысандар Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы аумағындағы ең ірі және өз саласында баламасы жоқ кешендердің бірі саналып, қуатты технологиялық кластер қалыптастырып отыр.
Кездесулер барысында делегаттар цифрлық экономиканы дамытуға арналған қолданыстағы бағдарламалармен, IT-компанияларды қолдау тетіктерімен және технологиялық шешімдерді ауқымдаудың стратегияларымен жан-жақты танысты.
— Цифрлық технологиялар саласындағы кадрларды даярлау бағдарламасының мазмұнындылығы оң әсер қалдырды. IT-хабтарға бару барысында есептеу қуаттарын дамыту, цифрлық трансформация және жасанды интеллект негізінде қосымшалар әзірлеу секілді өзекті бағыттар қарастырылды. Бұл қатысушыларға жаңа білім алып қана қоймай, оны іс жүзінде көруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде трансшекаралық цифрлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, бұл жобаның халықаралық деңгейі мен маңыздылығын айқындайды, — деп атап өтті Өскемен жоғары политехникалық колледжінің жабдықтар жөніндегі инженері, делегация мүшесі Баженов Михаил.