Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен Өскемен қаласында «Найза-2026» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде
Оқу-жаттығу барысында күштік құрылымдар терроризм тұрғысынан осал объектілердегі түрлі жағдайлардың даму сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелерін пысықтайды.
Осыған байланысты бірқатар уақытша шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын шектеу қарастырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Шығыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабы