8
41 минуту назад

Бұқтырма су қоймасының жағалауында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бірлескен рейд өткізілді

2026 жылғы 6 тамызда «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Бұқтырма су қоймасының жағалауында кешенді профилактикалық рейд өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін арттыру.

Рейд барысында демалушылармен суда өзін-өзі ұстау қағидаларын қатаң сақтау, кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, азаматтарға шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделгені түсіндірілді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 2-бөлігі бойынша 3 азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Өңірдегі су айдындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

Бірлескен профилактикалық рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

0
0
0
0
0
0