ШҚО-да үш жылға 21 миллиардтан астам теңгеге табиғат қорғау іс-шаралары жоспарланды
Шығыс Қазақстанда алдағы үш жылға 2026-2028 жылдарға арналған экологиялық жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы облыстық мәслихаттың сессиясында қаралды.
Құжатта қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған 38 іс-шара қарастырылған. Оларды іске асыруға үш жыл ішінде 21012,8 миллион теңге бағыттау көзделіп отыр.
Бұл соманың жартысынан астамы су объектілерін қорғауға арналған. Тағы 4 711,2 миллион теңге қалдықтармен жұмыс істеуге жұмсалады.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтауға 2 492,2 миллион теңге бөлу жоспарлануда. Ал атмосфералық ауаны қорғауға тағы 1 293,6 миллион теңге жұмсалмақ.
Жекелеген қаражат жағалау аумақтарын қорғауға, сондай-ақ радиациялық, биологиялық, химиялық қауіпсіздікке және экологиялық саладағы ғылыми әзірлемелерге бағытталатын болады.
Осылайша, табиғат қорғау жоспарының негізгі қаржылық басымдығы су мен қалдықтар саласына берілген. Дәл осы бағыттарға үш жылға қарастырылған қаражаттың 17 миллиард теңгеге жуығы жұмсалады.