34
4 часа назад

Worldskills Kazakhstan — 2025. Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің командасы республика бойынша үздік ондықта

Астана қаласында WorldSkills Kazakhstan — 2025 X Республикалық чемпионаты өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған тартысты сайыстардың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының қоржынында — 2 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль және 10 “Үздік маман” медальоны бар. Чемпионат қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы республика бойынша үздік ондыққа кірді.

Бұл жетістіктер — қатысушылардың, тәлімгерлердің және сарапшылардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз командамыздың жеңістеріне қуаныштымыз және жаңа белестер мен кәсіби табыстар тілейміз.

1 орын

  • Мобильді робототехника (командалық) — Иванин Константин мен Дмитриев Артём, Өскемен жоғары политехникалық колледжі.

2 орын

  • Мехатроника (командалық) — Скрипников Ярослав пен Энгель Александр, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
  • Өнеркәсіптік автоматика — Луковкенко Кирилл, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
  • Ақпараттық қауіпсіздік (командалық) — Благодетелев Даниил мен Литвинов Ярослав, Өскемен экономика және техника колледжі;
  • Наубайхана ісі — Рахым Айдар, Өскемен көпсалалы технология колледжі.

3 орын

  • CAD-инженерлік графика — Сапаров Рамиз, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
  • Шаштараз ісі — Вилижина Вероника, Өскемен сервис және технология колледжі.

“Үздік маман” медальондары

  • Сантехника және жылыту — Александров Александр, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі;
  • Дәнекерлеу технологиясы — Конкин Николай, Өскемен құрылыс-техникалық колледжі;
  • Құрғақ құрылыс қоспалары және сылақ жұмыстары — Қабылқайыров Қуат, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі;
  • 3D компьютерлік ойындарын модельдеу — Секишев Али, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжі;
  • Электромонтаж жұмыстары — Белялев Андрей, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
  • Мобильді қосымшаларды әзірлеу — Ерболұлы Нұрбол, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
  • 1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру — Ширяев Александр, Өскемен жоғары политехникалық колледжі;
  • Аспаздық ісі — Бакшинскас Сергей, Өскемен көпсалалы технология колледжі;
  • Ветеринария — Лазаренко Елизавета, Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі;
  • Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету — Дамолданов Эльнар, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі.

0
0
0
0
0
0