11
2 часа назад

Жылдам, қуатты, нақты: ШҚО-да мобильді байланысты қалай дамытып жатыр

Фото: Ирина Плотникова

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Мобайл Телеком-Сервис компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ШҚО-ның телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Тараптар байланыс ауқымын кеңейту, базалық станцияларды салу және жаңғырту, 4G және 5G технологияларын енгізу, ауылдарда және шекара маңындағы елдімекендерде «ақ дақтарды» жүйелі түрде жоюды жоспарлап отыр.

Нұрымбет Сақтағанов туристік аймақтар мен жаңа тұрғын алаптарын интернетпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде ШҚО әкімдігі жобаларды жер учаскелерін беру және инженерлік инфрақұрылымға қосу бойынша жан-жақты қолдауға дайын.

ШҚО әкімі бірқатар нақты тапсырма берді: Өскемен, Алтай, Риддер қалалары мен Шемонаиха, Зайсан аудандарында көпфункциялы тіректерді орнатуды қамтамасыз ету. Маусым айының соңына дейін антенна-діңгек құрылыстарын электрмен жабдықтауға қосу мүмкіндіктерін қарастыру.

Ал Мемлекет басшысының Шығыс Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасы бойынша облыс әкімі өңірдің туристік аймақтарын интернет байланыспен қамтамасыз ету міндетін қойды. Тапсырмалардың орындалуын бақылау бейінді құрылымдарға жүктелді.

0
0
0
0
0
0