54
10 часов назад

ҚР Президенті ШҚО бойынша «Ассамблея Жастары» төрағасын «Шапағат» медалімен марапаттады

24 сәуір 2025 жылы Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Бұл ауқымды шараға еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Сессия ерекше атмосферада өтті — биыл Ассамблея өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Айтулы күнге орай мемлекет басшысы ұлтаралық келісім, достық пен қоғамдық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында — Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ассамблея Жастары» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юнусов Равиль Александрович та болды. Ол белсенді әрі жемісті қызметі, мейірімділігі мен қайырымдылығы үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

«Шапағат» медалі 1993 жылы тағайындалған, ол қоғамдық және қайырымдылық қызмет саласындағы ерекше еңбектерді мойындаудың белгісі болып табылады.

0
0
0
0
0
0