Қытайдың туристік операторлары Самар ауданының Туризм орталығымен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуда
Қазіргі таңда қытайлық туристерге арналған Самар жағалауына арнайы туристік маршрут әзірленіп жатыр.
Бүгінде ауданға екінші туристік компанияның өкілдері келіп, қонақтарды орналастыру жағдайларымен, демалыс базаларының инфрақұрылымымен және өңірдің туристік мүмкіндіктерімен танысты.
Еске салсақ, сәуір айының соңында Қытай туристік компанияларының өкілдері Самар ауданына арнайы келіп, аудан басшылығымен алдағы ынтымақтастық туралы келісім жасаған болатын. Туристік маусымның қызған кезінде Самар жағалауында Қытайдан келетін 200-ге дейінгі турист бір мезетте демала алады деп күтілуде.