6
час назад

«Қауіпсіз балалық шақ»: Үлкен Нарында есірткіге қарсы жарыстар мен акциялар өтті

Үлкен Нарын ауданы прокуратурасының бастамасымен және аудандық полиция бөлімінің қатысуымен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы мен «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде «Біз есірткіге қарсымыз» және «Жол қозғалысы ережелерін сақтаймыз» тақырыптарында эстафеталық жарыстар мен сурет байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қызметтік автокөліктерді таныстырды.

Өткізілген шара балалардың үлкен қызығушылығын тудырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануға деген ынтасын қалыптастыруға, сондай-ақ заң мен құқықтық тәртіпке құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.

«Көңілді эстафета» байқауының қорытындысы бойынша үшінші орынды «Достар» командасы, екінші орынды «Қазақ рухы» командасы, ал бірінші орынды «Тұран-1» командасы иеленді.

Сурет байқауында үшінші орын «Тұран-1» командасына, екінші орын «Достар» командасына, ал бірінші орын «Қазақ рухы» командасына бұйырды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында аудан прокуратурасы полиция бөлімімен бірлесіп балалармен профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау мәселелері түсіндірілді.

0
0
0
0
0
0