Өскеменде байкерлер клубының мүшелері учаскеге темір тұлпарларын тізгіндеп келді
Түсте Өскемендегі №7 орта мектептің маңында мотоциклдердің гүрілі естілді. Сайлау учаскесіне жергілікті байкерлік клубтың белсенділері келді, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.
Байкерлер үш көлікпен шағын топ болып келген екен. Клуб жетекшісі Ярослав Костенконың айтуынша, бүгінде клуб құрамы өзгеруде: мото-қозғалысқа жастар көптеп қосылып жатыр.
– Өз пікіріңді білдіру маңызды деп есептеймін, – деді жас азамат. – Біздің топтың құрамы бүгін біршама өзгерді. Жастар біздің қозғалысқа көбірек қосыла бастады. Сондықтан бүгінгі күннің ерекше екенін ескеріп, топтарға бөліндік, учаскелерге үш-төрт адам болып бардық. Көрсеткен үлгіміз нәтижесін көрсетуде, қатарымызды жастар толықтырып жатыр, бұл қатты қуантады. Біздің қозғалысымыз ел мен қала үшін маңызды болып табылатын барлық шараларға қатысып келеді, өйткені біз мотоциклшілер қозғалысы мен азаматтық ұстанымды бір-бірінен бөліп жармаймыз.
Дауыс беруден кейін клуб мүшелері өз маршрутын жалғастырды.
Мира Круль