54
час назад

Өскемендік Zhas Berel волейбол клубының бойшаң спортшылары өз таңдауын жасады

Өскеменнің «Берел» ерлер волейбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушысы Құрылтай сайлауына қатысу үшін сайлау учаскесіне келді, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Zhas Berel волейбол клубы Қазақстан Ұлттық лигасында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғауда. Клуб өңірде волейболды дамыту үшін құрылған болатын. Ойыншылардың орташа жасы шамамен 22 жас. Команда дамып, жеңіс тұғырынан көрінуде. Өткен жылы «Берел» Жоғарғы лигада өнер көрсетіп, екінші орынды иеленсе, биыл Ұлттық лигаға шықты.

Бүгін бірнеше волейболшы мен команда жаттықтырушысы сайлау учаскесіне келді. Команданың диагональ ойыншысы Абылай Махмұтов үшін бұл өміріндегі алғашқы дауыс беру болды.

– Бірінші рет дауыс беріп отырмын, – деп түсіндірді спортшы. – Бұған дейін мен партияларды оншалықты егжей-тегжейлі зерттеген жоқпын. Маған бір партия ұнады, мен оған дауыс бердім. Олар біраз жақсы уәде берді, мен болашақта олардың орындалғанын көргім келеді.

Абылай үш жылдан бері волейболмен айналысады. Келешекте ол бірнеше жыл шетелде, АҚШ немесе Еуропада ойнағысы келеді. Сондықтан спортшы үшін Қазақстанның халықаралық мәртебесі оған шетелде тәжірибе жинауға мүмкіндік беруі маңызды. Ол бүгінгі сайлауға дәл осындай үмітпен келген еді. 

Мира Круль
Дарья Хацановичтің фотосы мен видеосы

1
0
0
0
0
1