92
час назад

Өскеменде учаскелерде ұйымдастырылған жәрмеңкелер қала тұрғындарын таңғалдырды

Дауыс беруден кейін Өскемен тұрғындары бірқатар сайлау учаскелерінде ұйымдастырылған жәрмеңкелерде азық-түлік сатып ала алды. Мұндағы бағалар әдеттегіден әлдеқайда төмен, деп хабарлайды YK-news.kz тілшісі.

Сүт өнімдеріне 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін жеңілдік жасалды. Құрттың қалыпты бағасы 4500 теңге болса, жәрмеңкеде ол 3800 теңгеден сатылып жатыр. Дүкендерде сары майдың келісі шамамен 7000 теңге тұрады, жәрмеңкеде оның бағасы 6500 теңге. Шұжық өнімдері өндірушінің бағасымен сатылуда.

Қала тұрғыны Гүлжан Омарбекқызы дауыс берген соң жәрмеңкедегі ұсынысты пайдаланып қалуға шешім қабылдады.

— Мен дауыс бердім, азаматтық борышымды өтедім, — деді сайлаушы. — Учаскеде ұйымдастырылған жәрмеңкедегі бағалар таңғалдырды. Мұндағы тауарлардың бағасы нарықтағыдан шамамен 1000 теңгеге арзан. Алматыда оқитын балаларыма құрт, шұжық, сары май сатып алдым. Жақсы сауда болды.

Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында осындай жәрмеңке Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 орта мектебіндегі сайлау учаскесінде ұйымдастырылды.

Мира Круль
Елена Бредихинаның фотосы

0
0
0
0
0
0