Роботтар сайлаушыларды қарсы алуда
ВКТУ-дағы сайлау учаскесінде сайлаушыларды ерекше көмекшілер — роботтар қарсы алуда.
Заманауи технологиямен жабдықталған роботтар учаскеге келген тұрғындарға қажетті ақпарат беріп, дауыс беру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сайлау учаскесінде бағыт-бағдар көрсетуде.
Технологиялық жаңашылдық сайлаушылардың қызығушылығын тудырып, дауыс беру үдерісін заманауи форматта ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр. Роботтар әсіресе жастардың назарын аударып, сайлау учаскесіне ерекше көңіл күй сыйлауда.